ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – БАРШАҒА МІНДЕТ

Сыбайлас  жемқорлық  заман  ағасымен

бірге  өсіп – өркендеп , мол  қаражат  және 

қоғамдық  бәсекелестік  пайда  болған  жерлерге 

тамырын  жайып, бүгінгі  күнге  дейін  жойылмай 

отырған  кеселдің  бірі  болып  табылады.

Әрбір  мемлекет  қызметші  өз  ортасын жемқорлықтан

  таза  ұстап, абыройлы қызметін  сыбайлас 

жемқорлыққа  айырбастамайтын  адал  қызметкерлер

қатырында  болуы  тиіс. Ең  бастысы, халық  жергілікті 

атқарушы  органдардың  жұмыстарына  сенім  білдіруі  тиіс.

    Бұл  кесел  дамушы  елдердегідей  біздің  жас  мемлекетімізге  де  зор нұқсан  келтіріп  отыр. «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс – қимыл  туралы»  заң  талабының  аясында  жемқорлыққа қарсы  іс – әрекеттер  әр  салада  жүзеге  асырылуда. Әсіресе, халық  парақорлық  дертімен  жиі  бетпе – бет  келеді. Сондықтан  кез – келген  ортада  пара  беру  мен  пара  алудың  жолын  кесуде  қоғам  болып  белсенділік  танытуымыз  қажет.

  Мемлекеттік  қызметшілердің  сыбайлас жемқорлық  қылмыстар  және  осы  тұрғыдағы  құқық  бұзушылықтарға бой  алдыруының  себебі  көп. Оған  ең  алдымен  қызметшілердің  білім  деңгеңінің, әдептілік  ұстанымының төмен  болуы  әсер  ететін  болса  керек. Кей мемлекеттік  қызметшілердің  құқық  бұзушылыққа  немқұрайлылық  танытуы, кәсіби  әдептілігінің  жетіспеуі  де, жеке  басының  қамын  ойлауы  да  парақорлықтың  дендеуіне  септігін  тигізіп  отыр.

Әрине, сыбайлас  жемқорлық  дәрі  беріп  емдейтін  сырқат  емес. Айналасындағы  салауатты, таза  және  сау  ортаны  шарпып, тыныс – тіршілігін  тарылтатын  заңсыз  әрекеттермен  қоғамдық  ортаны  және  мемлекеттік  органдардың, ұйымдардың, дара  кәсіпкерлердің, азаматтардың  қызмет  етуіне  қатер  төндіретін  қауіпті  дертті  болдырмаудың  тетігі – халықтың  өзінде. Бұл  дерттің  алдын  алып , қоғамға таралу  жолдарын  кәсіп, оның  ұлғаюына  жол  бермеуіміз  керек. Ол  үшін  аталған  дертке  қоғам  мен  жергілікті  атқарушы  органдар  болып  атсалысуымыз  қажет. Сонда  ғана  ел  мүддесі  үшін  зор  үлес  қосатынымыз  және  халық  сенімінен  шығатынымыз  анық.

  Сыбайлас  жемқорлық  әрекеттері  бойынша  тиісті  шара  қолданудың  негізі, ол – азаматтардың  арыз  шағымы. Мемлекетіміздің  әрбір  азаматы  Қазақстан  Республикасының  Конституциясын  және  заңдарын  сақтауға, бостандықтарың  абыройы  мен  қадір – қасиетін  құрметтеуге  міндетті.

 Елбасы  Жолдауында: «Заңды  бұзған  екенсің  оның  баптарына  сәйкес  жауапқа  тартыласың»  дейтін  нақты ереже  бар. Ендеше  жемқорлықты  жоюды  мақсат  еткен  мемлекеттік  қызметшілер  де  Жолдауда  берілген  тапсырмалардың  шындыққа  айналып, заңнамалардың талапқа  сай  орындалуына  мүдделік  танытуды  міндет  санайды.

Жалпы  жемқорлықпен  құқық  бұзушылықпен  күрес мәселесі – тек  мемлекеттің ғана  емес, Қазақстан  Республикасының  әрбір  азаматының  міндеті  әрі  халық  алдындағы  борышы  екенін  естен  шығармағанымыз  абзал.

Жемқорлық  дерті  кез –келген мемлекет үшін  үлкен  қатер  болып табылады.Сондықтан  онымен  күрес  жүйелі түрде  жүргізілуі  тиіс  деп  есептеймін. Елбасы  ұсынған  бес  институционалдық  реформасын  жүзеге  асыруға  бағытталған «100  нақты  қадам»  жоспарында жемқорлық  мәселесі  де  жоспардан тыс  қалмаған. Ұлт  жоспарының 13 қадамында жемқорлыққа қарсы күресті  күшейту  көзделген.

Жемқорлық – індет, оны  жою  міндет  екендігі  үнемі  айтылуда. Сондықтан  осындай  келеңсіз құбылыстармен  бітіспес  күрес  жүргізу  тек  мемлекеттік  қызметшілер, құқық  қорғау  органдарының  міндеті  емес, барлық  ұлтжанды азаматтардың парызы  болуға  тиіс. Яғни бұқара көпшілік  тарапынан  сыбайлас  жемқорлық көріністеріне  қолдан  келгенше  тосқауыл  қойылып, қолында  билігі  бар  азаматтар  осы  жолда өзгелерге  үлгі  болуы  тиіс. Сонда  ғана  қабылданған бағдарламалар  халық  сенімінен  шығатыны  сөзсіз  деп  айтуға  болады.

 

Ж.Әнетова

Ағылшын  тілі  мұғалімі

  





«Жарқын Болашақ»

iconРеспубликалық  «Жарқын  Болашақ»  өнер  орталығының ұйымдастыруымен  V Республикалық  «Жарық   жұлдыз»  атты  балалар  өнер  байқауында  «Көркем  сөз»  жанрында   

Мектепішілік олимпиада

icon27.11.2020ж  күні  9 – 11 сынып  жалпы  білім  беретін  пәндер  олимпиадасының  мектепішілік  кезеңі  өтті.  

"Қауіпсіз мектеп автобусы"

icon"Қауіпсіз мектеп автобусы"  республикалық  акциясы  аясында  «Құрық  ауылының  №6  орта  мектебі»  КММ  өткізілуі туралы.  

Абайлаңыз балалар!

icon   "Абайлаңыз балалар!" атты жедел профилактикалық іс - шарасы ұйымдастырылды. 

ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

icon Халықаралық  «Өрлеу – өркендеу»  ғылыми – ақпараттық, танымдық – тәрбиелік  порталының  ұйымдастыруымен  өткен    

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – БАРШАҒА МІНДЕТ

iconСыбайлас  жемқорлық  заман  ағасымен бірге  өсіп – өркендеп , мол  қаражат  және  қоғамдық  бәсекелестік  пайда  болған  жерлерге  тамырын  жайып, бүгінгі  күнге  дейін  жойылмай  отырған  кеселдің  бірі  болып  табылады. Әрбір  мемлекет  қызметші  өз  ортасын жемқорлықтан  

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы»

iconҰстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.  

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

iconҚазақстан  Республикасының  Білім және  ғылым  министрлігі  «Өрлеу» БАҰО»  Ақ  филиалының «Құрмет  грамотасы»  және  де  Сертификатымен 

Маңғыстау облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен

iconАқырын жүріп, анық бас,  Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас,   

Аудан әкімінің Алғыс хатымен

icon       Білім  беру жүйесін  дамытуға  қосқан  үлесі және  ұрпақ  тәрбиелеудегі  жетістігі  үшін  мектебіміздің ұстаздары    

Соңғы жаңалықтар

«Жарқын Болашақ»

Республикалық  «Жарқын  Болашақ»  өнер  орталығының ұйымдастыруымен  V Республикалық  «Жарық    ...

04 желтоқсан 2020
Мектепішілік олимпиада

27.11.2020ж  күні  9 – 11 сынып  жалпы  білім  беретін  пәндер  олимпиадасының  мектепішілік  кезеңі  ө ...

02 желтоқсан 2020
"Қауіпсіз мектеп автобусы"

"Қауіпсіз мектеп автобусы"  республикалық  акциясы  аясында  «Құрық  ауылының  №6  орта  мектебі ...

29 қазан 2020
Абайлаңыз балалар!

   "Абайлаңыз балалар!" атты жедел профилактикалық іс - шарасы ұйымдастырылды.  ...

22 қазан 2020
ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

 Халықаралық  «Өрлеу – өркендеу»  ғылыми – ақпараттық, танымдық – тәрбиелік  порталының  ұйымда ...

20 қазан 2020